Бас жаңалықтар
Алматыда жыл басынан бері қылмыс 21,3%-ға төмендеді - Сағынтаев
12 Мамыр 2021, 19:25 437

Алматыда жыл басынан бері қылмыс 21,3%-ға төмендеді - Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында бағдарламасында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі жайлы баяндады.

Әкімнің айтуынша, қаланы дамытудың жеті стартегиясының бірі қауіпсіз қала қағидаты. Сол себепті бүгінгі жұмыстың бір бөлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігі болып отыр.

Қауіпсіз қала – бұл тұрғындар үшін жайлы қала. Қауіпсіз қала - бұл инвесторлар мен туристер көп келетін қала. Қауіпсіз қала - бұл бизнестің дамуы. Осының бәрі болса, онда қаламыз әл-ауқатты, жасыл желекке бөленген, жұмыс орны көптеп ашылған, халықтың жүзі жарқын болады. Ол үшін қаладағы қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейтіп, қылмысты азайту жұмысы жүргізіліп жатыр,-деді қала әкімі.

Сонымен қатар ол қалада қауіпсіздік деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Стратегияда «100 мың адамға шаққандағы қылмыс деңгейінің» индикаторы көрсетілген, ол 2020 жылы 3260, ал 2025 жылы - 2835 болуы керек. Ал, іс жүзінде 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 2889 және 1457,9-ды құрады. Стратегиядағы «100 мың адамға шаққанда өліммен аяқталған жол-көлік оқиға саны» индикаторы бойынша 2030 жылға дейін 4,6-дан кем емес көрсеткішке жету жоспарланған. Іс жүзінде, 2020 жылы бұл көрсеткішке 4,2 болды,-деді Сағынтаев.

2019 жылдан бастап Алматы қаласының әкімі Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша барынша криминогенді жерлерде полицияның 37 жаңа модульді стационарлық посты ұйымдастырылды. Биыл тағы 7 осындай пост ашылады. Криминогенді учаскелерде патрульдеуді күшейту және жылжымалы полиция пункттерін құру жағдайды едәуір жақсарған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс 2 есеге азайды. Қоғамдық орындарда тіркелген құқық бұзушылық саны 3,4 есеге төмендеді, көше қылмыстары 4,2 есеге қысқарды. Сондай-ақ, қылмыстың ізін суытпай ашу 12,3%-ға жақсарды. Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша қалада қылмыс барлық бағыт бойынша 21,3% төмендеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсету міндеті қойылған учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтілді. Әрбір ересек алматылық учаскелік инспекторын жақсы тануы тиіс,-деді қала әкімі.

Мегаполис әкімі қалада құқық бұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Сондықтан қылмысты ашып қана қоймай, оның салдарымен де күресу керек. Әлеуметтік қамсыздандыру органдары қылмысқа бейім контингентпен тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізулері қажет.


Фото: дереккөз
Загрузка...