Алматыда ЖРВИ өршіп тұр

8 Қараша 2021, 19:15
1028
Бөлісу:
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова хабарлады. 

Оның айтуынша, мегаполисте ЖРВИ дертінің маусымдық өсуі байқалады.

Эпидемиологтардың мәліметінше, қыркүйектен бастап дерттің 74 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ал тұмаумен байланысты инфекция болмаған.

Халықты тұмауға қарсы егу әдетте қазан-қараша айларында, вирустың маусымдық айналымы басталғанға дейін жүзеге асырылады. Алайда вакцинаны бір жыл ішінде алуға болады. Қала емханаларында тұрғындар тұмауға қарсы «Гриппол +» ресейлік вакцинасын салдыра алады, - деп атап өтті аурухана директорының орынбасары.

Сондай-ақ қалада тұмауға қарсы вакциналаудың жалғасып жатыр. Ол маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы болып саналады, әрі тұмаудың ауыр зардаптарының қаупін төмендетеді.

Сонымен қатар Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Қазақстанмен шекаралас елдерде COVID-19 жағдайының нашарлауы салдарынан коронавирус ЖРВИ ретінде бүркемеленуі мүмкін екеніне назар аударды.

Бұдан басқа, ЖРВИ-дің алғашқы симптомдары байқалса, емдеуді бастау өте маңызды. Әрине, тұмаудың алдын алу шараларын сақтау: маска тағу, қолды үнемі жуу, байланысты шектеу қажет. Сонда ғана инфекция басқаларға жұқпайтын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы