Бас жаңалықтар
Алматыда жойқын жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін құрылғы орнатылып жатыр
12 Мамыр 2021, 20:13 338

Алматыда жойқын жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін құрылғы орнатылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде айтты.

Оның айтуынша, Сейсмология институты 2018 жылдан бері «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді зерттеу және күшті жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесінің негіздерін жасау» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде.

Сол бағдарламаны іске асыру аясында институт жапондық шешім базасында тестілеу режимінде ерте хабардар ету жүйесінің 9 сейсмикалық станциясын орнатты. 2023 жылға дейін сейсмикалық датчиктермен, автономды қуат көздерімен жабдықталған тағы 28 станция орнату, сондай-ақ Сейсмология институты мен ТЖД-де диспетчерлік пункттер ашу жоспарлануда,-дейді әкім.

Жүйе автоматты режимде жойқын сейсмикалық толқынның қалаға жақындағаны туралы сигнал береді және тұрғындарға ерте ескерту жасалады. Ескерту Darmen мобильді қосымшасының көмегімен іске асады. Жер сілкінісі туралы сигнал 40 секундқа дейінгі аралықта хабарланады екен.

Алматы жер сілкінісі, сел, көшкін, қар көшкіні, су басу, өрт сияқты техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға бейім. Жеке құрамның 1,5 мыңнан астам адамы, 270 техника бірлігі ТЖ-дың зардаптарын жоюға үнемі дайын. Қаланың құтқарушылары жылына орта есеппен 3 мыңнан астам жерлерге барады. ТЖ кезінде халықты оқыту және қауіпсіз тәртіп мәдениетін, өздерін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру мақсатында елімізде баламасы жоқ инновациялық жоба болып табылатын симуляциялы оқу- әдістемелік орталық салынуда,-деді Сағынтаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...