Бас жаңалықтар
Алматыда жолға құлаған тал 5 көлікті зақымдады
25 Маусым 2021, 05:27 3871

Алматыда жолға құлаған тал 5 көлікті зақымдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып, бес көлікке зақым келді, деп хабарлады aikyn.kz.

Қатты желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сондай-ақ Желтоқсан мен Абылайхан көшелерінің арасында Мәметов бойында кептелісте тұрған Mersedes-ке құлаған.

Ағаш бұтағы Mersedes-тің артқы терезелерін сындырып, шығын келтірді. Көлік иелері полиция шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...