Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

24 Қазан 2019, 09:12
2337
Бөлісу:
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылында жолаушылар автобусы жанып кеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, оқиға бүгін таңғы сағат 7:00-де болған.

Қоғамдық көлік Ходжанов көшесі қиылысында өртеніп кеткен. Видеодан өртті сөндіруге келген екі өрт сөндіру машинасы мен жедел жәрдем көлігін көруге болады. 

47aed797e5ef53629a1e0ae2a5386a88.jpg

Төтеншеліктердің мәліметі бойынша, №32 бағытындағы жолаушылар көлігі өртенген. 

"Бірінші бөлім оқиға орнына сағат 6:53-те келді. Сол кезде автобус өртеніп жатқан. Ішінде адамдар болмаған. Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Жүргізуші бастапқыда өртті өзі сөндірмек болған. Сол себепті өрт сөндірушілер келгенде өрт автобусқа жайылып кеткен. Өртті сөндіруге 11 өрт сөндіру қызметкері мен бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Өрт 6:57-де басылып, 07:04-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.



Өзгелердің жаңалығы