Бас жаңалықтар
Алматыда жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісі ұсталды
05 Тамыз 2020, 17:45 187

Алматыда жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов түнде жарыс өткізетін орындарға бейнебақылау камералары орнатылатынын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қалада мақсатты рейдтер мен жергілікті жұмыстар күшейтілген. Соңғы үш күнде Патрульдік полиция полкінің және мамандандырылған батальонның қызметкерлері жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісін ұстаған және әкімшілік жауапкершілікке тартқан.  
19 екі доңғалақты көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, заңсыз айырбасталған көліктерде жеке жұмыс жүргізілген, яғни, дыбыс шығаратын құрылғыларға шу деңгейінен асатын арнайы саптамаларды орнатқан. Шапшаңдықпен, жылдам әрі қатты дауыспен жүру азаматтардың тыныштығын бұзады және негізделген сынға итермелейді. Бұл іс-шаралар барлық жерде және тұрақты негізде өткізіледі деп сендіре аламын.  Жарысушылар жиналатын орындарда патрульдеу күшейтіліп, бейнебақылау камералары орнатылды, - дейді Қанат Таймерденов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...