Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелері белгілі болды

23 Тамыз 2019, 15:25
2594
Бөлісу:
Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыздың  5 мен 15 аралығында Алматыдағы жоғары оқу орындарында қосымша 190 білім грантын тағайындау туралы құжаттар қабылданды.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, байқауға 129 абитуриент қатысып, олардың 102-і білім гранттарын иеленді.

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген болатын. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана берілді.

Қосымша білім беру грант иегерлерінің тізімін мына жерден табуға болады.




Өзгелердің жаңалығы