Алматыда жиһаз жасайтын цех өртенді

29 Маусым 2020, 11:23
1464
Бөлісу:
Алматыда жиһаз жасайтын цех өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алатау ауданы "Шапағат" ықшам ауданындағы Головацский көшесі, 59 мекенжайында жиһаз жасайтын цех өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, цехтың өртеніп жатқаны туралы сағат 9:50 кезінде хабарланған.

Аудан аумағында су көзі аз болғандықтан, үздіксіз су жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің қабылдаған шараларының арқасында 120 шаршы метрді қамтыған көк жалын сағат 10:36 кезінде өшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған. Конструкцияларды бұзу және су төгу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы