Алматыда жер сілкінісі сезінді

15 Ақпан 2020, 11:37
1437
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісі сезінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні сағат 9:31-де жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 км қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.3. MPV магнитудасы - 5.6. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 бағаны бойынша) түскен жоқ.
Өзгелердің жаңалығы