Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

18 Сәуір 2021, 18:10
1315
Бөлісу:
Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол көлік оқиғасы Розыбақиев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орын алды, деп жазды zakon.kz.

№81 автобус пен оның сол жағында тұрған Subaru автокөлігі солтүстік бағытқа қарай бет алып, бір қатарда тұрған. Сол бағытта қозғалып келе жатқан Volkswagen Polo каршеринг көлігі жылдамдықпен келіп автобустың шетіне соғылды. Қатты соққыдан Volkswagen айналып  Subaru жаққа ығысты. 

Volkswagen Polo көлігінің ішінде ерлі-зайыптылар мен екі бала болған. Жол көлік оқиғасы салдарынан  Polo көлігіндегі екі баланың анасы зардап шекті. Балалар айтарлықтай жарақат алмаған. Дәрігерлер тексеру барысында әйелді ауруханаға жеткізді. Автобус жолаушыларды зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Өзгелердің жаңалығы