Бас жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады
24 Мамыр 2019, 10:13 369

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. 

26 мамырға дейін жалғасатын елішілік турнирде 15 команда бақ сынайды.  

Атап айтар болсақ, ШҚО, СҚО, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген атлеттер қатысады.  

"Елішілік турнирге жалпы есебі 255 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 152 ер адам мен 103 әйел адам бар", - делінген хабарламада. 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық