Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалған

10 Қаңтар 2022, 12:23
1425
Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалған

Алматы,BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб хабарлады.

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсеткен.

ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы