Алматыда жаяу патрульдеудің арқасында 57 қылмыс ашылды

11 Тамыз 2020, 14:05
1151
Бөлісу:
Алматыда жаяу патрульдеудің арқасында 57 қылмыс ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы жаяу патрульдеу – қылмыстың тез ашылуына себепкер болды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ПД-нің біріккен полиция күштерін біртұтас орналастыру жоспарына сәйкес қала 102 патрульдік аймаққа бөлінген. Жалпы, қалада 2 мың 020 патрульдік бағыттар жасалынған, олардың 478-і автокөлік, 1 мың 487-і жаяу, 55-і стационарлық бекеттер. 
Жаяу патрульдерге барлығы 1140 полиция қызметкері тартылған, олардың көпшілігі – патрульдік полиция қызметкерлері. Жыл басынан бері 57 қылмыс жаяу патрульдеудің көмегімен ашылды, 3500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 19 наурыздан, төтенше жағдай және карантин жарияланғаннан бастап барлық патрульдік бағыттар тынығу орындарына ауыстырылды, жеке құрамның қызметі тұрғындар арасында маска режимін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сонымен қатар саябақтарда, алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерде рейдтер өткізуді қамтиды, – дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Өзгелердің жаңалығы