Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктердің үстіне ағаш құлап жатыр

5 Наурыз 2021, 19:45
2322
Бөлісу:
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктердің үстіне ағаш құлап жатыр
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында түнде және күннің бірінші жартысында жауын-шашын мен қар қалың жапты. Соның салдарынан ағаштар сынып, көліктердің үстіне құлап жатыр. 

Түнде мегаполистегі Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, жауын-шашынның мөлшері 16 мм құрап, қар жамылғысының биіктігі 7 см болған.

Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктердің үстіне ағаш құлап жатыр

Алматы қаласы Құтқару қызметінің мәліметінше, түнде және таңертең жолда мұз байқалған, ал желдің күші  2 м/с құрапты. Ауаның  температурасы Цельсия көрсеткіші  бойынша 0,2 градус болды.  

Нәтижесінде мегаполистің бірнеше аудандарында апаттық бұтақтар мен ағаштар құлады деген 8 ақпарат түсті.  Үш мекен-жай бойынша 4 автокөліктің зақымдалуы тіркелді.  Ағаштардың құлауымен жеке тұрғын үйдің аумағын су басу салдарын жоюға, Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 бірлік арнайы техника мен жеке құрамынан  17 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы