Бас жаңалықтар
Алматыда жауған қарды 1500 адам тазалап жатыр
14 Қаңтар 2020, 12:17 121

Алматыда жауған қарды 1500 адам тазалап жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 13 қаңтар күні сағат 15:20-дан бастап қар жауа бастады, Казгидрометтің болжамы бойынша қар үзіліспен 14 қаңтардың екінші жартысына дейін жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, бұрылыстарға, жолайрықтарының алдына көктайғаққа қарсы материалдар төгіліп жатыр.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көліктер аялдамаларын, тұрақтардың "қалташаларын" қардан тазарту жұмыстары бір мезгілде жүруде. Сағат 4:00-ден бастап жол полициясы патрульдерінің еріп жүруімен қарды қырып алып тастаудың колонналары ұйымдастырылды. Сағат 8:00 шамасында көктайғаққа қарсы 4150 тонна материалдар пайдаланылды, - делінген хабарламада.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалауды жіті қадағалайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылған. Қалаға жалпы алғанда 5-6 см. қар түскен.
Қар тазалау жұмыстарына 596 техника бірлігі, 1566 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Таңғы қарбалас шақтан соң негізгі көшелердегі, таулы және тау аймақтарындағы қарлар сыртқа жаппай шығарылады, - делінген хабараламада.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...