Алматыда «жасыл қала» жоспары жасала бастады

25 Қыркүйек 2020, 08:49
1937
Бөлісу:
Алматыда «жасыл қала» жоспары жасала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «жасыл қала» жоспары жасала бастады, деп мәлімдеді Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстан бойынша директоры Агрис Прейманис.

Біз әлемдегі 50-ден астам елде қолданатын әдіспен Алматыда жаңа жоспар құра бастаймыз. Қаламен бірге «жасыл қаланы» дамытудың жүйелі жоспарын жасап, көлік, энергетика және басқа да мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Прейманис «Қазақстан өсу форумы» конференциясында.
Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жасаған жоспарда жалпы даму, қай бөліктерге жаңа инвестицияларды, жаңа компанияларды тартуға болады және бұл үшін не қажет екені нақты жазылған.

Негізінде мұндағы көзқарас пен жаһандық көзқарас ұқсас. Біздегі идея – қала деңгейінде және кейбір секторлар деңгейінде экожүйе құру. Заңнамаға өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, кейбір инвестициялар – нақты жеке компаниялар үшін даму мүмкіндіктері, - деп түсіндірді Агрис Прейманис.

Өзгелердің жаңалығы