Бас жаңалықтар
Алматыда жастарға арналған "ТОП 100" жобасы басталды
PHOTO
21 Ақпан 2020, 17:17 154

Алматыда жастарға арналған "ТОП 100" жобасы басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен "Волонтер жылы" аясында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар белсенді жастарға арналған жоба бастау алды. 

Аталған жобаның ашылуына қаланың белсенді жастары мен кәсіпкерлер, меценаттар қатысып, жастар алдында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. 

топ3.jpeg

Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахмет бұл қаладағы белсенді жастардың басын қосатын үлкен платформа екенін айтады.
"Nur Otan" партиясының соңғы саяси отырысында Елбасы партияның жаңғыртудың жеті импульсін жариялады. Оның жетінші тармағы партияның айналасына мықты, көшбасшы жастарды шоғырландыру мақсаты қойылды. Соның аясында біз қаламыздағы белсенді студент жасардың арасынан көшбасшы боламын деген ынтасы барлардың басын біріктіріп “ТОП 100жобасын жасадық. Бұл 1-2 аптаның ішінде бітіп қалатын жоба емес, - дейді М. Ахмет. 
топ2.jpeg

Оның айтуынша, қаланың әр ЖОО-нан іріктеліп алған 100 белсенді студентке осы жоба аясында ораторлық өнер, көпшілік алдында сөйлей білу, тайм менеджмент, психология және басқа бағыттар бойынша арнайы шеберлік сағаттары мен семинар, тренингтер өткізілмек. 
Бұлардың барлығы Алматыға арман қуып келген жастар. Көпшілігі қаланың тарихын білмей жатады, қандай музейлер, театрлар бар дегендей. Біз осы жастарға сенбі, жексенбі күндер рухани азық алу үшін музейлерге, арнайы қойылымдарға тегін апарып отыруды қолға алып отырмыз. Одан бөлек спорттық шараларға да апарып отырамыз. Ертең олар алғашқы тренинг сабақтарға қатысады. Онда елімізге белгілі кәсіпкерлер сабақ береді. Жастарға мотивациялық сабақ беріп қана қоймай, тәжірибелік тапсырмалар да беріліп отырады, - дейді ол. 
 

 


Фото: автордан
Загрузка...