Алматыда "ЖасSTAR" фестивалі өтті

13 Қараша 2019, 09:34
3480
Бөлісу:
Алматыда "ЖасSTAR" фестивалі өтті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған "ЖасSTAR" шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі өтті. 

Фестиваль барысында еліміздің жас таланттары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін орындады.
"Жаңа есімдер онжылдығы" ұранымен өткен ауқымды жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. 

Өнер мен мәдениет саласындағы жастардың жан-жақты дамуына арналған бастамаға биыл  10 жыл толған. Жыл сайын фестиваль аясында Қазақстанның шығармашылық оқу орындарының студенттері мен жас мамандарына арнап әртүрлі елдердің танымал мәдени қайраткерлерінің шығармашылық кездесулері, шеберлік сағаттары, дәрістері, тренингтер мен семинарлары өткізілген. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін "ЖасSTAR"-ға сценарист және кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж операсы Ұлттық оркестрінің дирижері Филипп Юи, атақты суретші-стилист М. Ламин, бірінші скрипкашы, "Мәскеу Виртуозы" оркестрінің солисі Алексей Лундин келген болатын. Бұл мәдени-ағартушылық жобаның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына және талантты жас суретшілердің шығармашылық әлеуетінің артуына ықпал ету.

Бұл фестивальге биыл 10 жыл толып отыр. Жыл сайын жоғары дәрежеде өтіп келеді, дегенмен биыл өзгеше форматта өткізіп отырмыз. Яғни, мюзикл ретінде өтеді, бұл басты ерекшелігі. Осы он жыл ішінде фестивальге көптеген жас қатысып, өнер жолында шыңдалып шықты. Қазір олар биік белестерді бағындырып жүр, бұл жобаның басты жетістігі деп айтар едім, - дейді Тұңғыш президент қоры Жастар кеңесінің төрағасы Біржан Хасанғалиев. 
Фестиваль барысында "Величайший шоумен", "Красавица и чудовище", "Ромео и Джульетта", "Chicago", "Достар серті", "Ла-ла ленд", "Mamma mia" және тағы басқа музыкалық композициялар орындалды
Өзгелердің жаңалығы