Алматыда жас түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоба іске асып жатыр

31 Тамыз 2021, 16:46
11625
Бөлісу:
Алматыда жас түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоба іске асып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифингте айтты.

Брифинг барысында Н. Тоғызбаева қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды үйрету жүріп жатқанын жеткізді.

Қысқа мерзімді курстар біліктілігін жоғалтқан немесе мамандығын өзгерткісі келетіндерге арналған. Алматының 34 оқу орнында 41 мамандық бойынша 1 мыңнан астам адам оқиды, - деді ол.
Сонымен қатар ол еңбек нарығында жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған бірінші жұмыс жобасы іске қосылған. Жоба аясында жұмысқа орналасу жоспарланған 212 адамның 116-сы жұмыспен қамтылыпты.

Айта кетерлігі, қала тұрғындары мен өтініш берушілер жұмысқа орналасу үшін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады. Сондай-ақ enbek.kz электронды еңбек биржасы порталындағы бос орындар тізімімен таныса алады.

Н. Тоғызбаева осы жылы 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болғанын, яғни өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алғанын атап өтті. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаздық, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады.

Осыған дейін 2021 жылы Алматы қаласының халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы