Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

27 Ақпан 2021, 20:30
1387
Бөлісу:
Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-ақпанда таңертеңгі сағат 04:00-де қара бетперде киген екі жігіт Жетісу ауданында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне кірді, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаскөйлердің біреуі бірден тапаншаны шығарып, кассир-операторға бағыттаған. Қарақшылар ақшаны алып, қылмыс орнынан жаяу қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының тумалары  20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілуде.  Олар мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Ұсталғандар Алматы қалалық ПД  уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қаскөйлер кассадан 135 мың теңгені алып шыққан, - деді, Жетісу аудандық басқарма бастығының м.а., подполковник Асхат Дәулетияров.


Өзгелердің жаңалығы