Алматыда жаңа көшелер пайда болады
7 Мамыр, 10:46 687

Алматыда жаңа көшелер пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімдері берілді. 

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары олардың аттарын бекітті. Олардың арасында қазақ Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар.

Сондай-ақ көшелердің бірінің атауы Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсетті. Көшелер «Нұркент», «Ерменсай», «Нұр Алатау», «Нұрлытау» және «Алатау» шағын аудандарында орналасқан.


Фото: дереккөз
Загрузка...