Алматыда заңсыз ойын бизнесі анықталды

24 Наурыз 2019, 12:08
2711
Бөлісу:
Алматыда заңсыз ойын бизнесі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 374 ойын автоматы қойылған 199 орын анықталды. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінде мәлімдеді. 

«Мезеттік сыйақы беретін құмар ойындары жүргізілетін қаланың түрлі сауда орындарында, соның ішінде, интернет-залдарда автоматтардың орнатылуына байланысты бұл қызмет түрі ҚР ҚК 307-бабымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне жатады», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров. 

Ведомствода мәлімдегендей, заңмен шектеу қойылғанына қарамастан, ойын бизнесі әлі де жалғасып келеді. Бұл қызмет түрі ойын жабдықтарының биржалық қызметпен айналысатын түрлі коммерциялық орындарда орналастырылуымен жүзеге асып тұр. Қазіргі уақытта Алматы полициясы қызметі мен бөлімшелерінің қызметкерлері 374 ойын автоматы орналастырылған 199 орынды анықтаған. 

«Тексерулер нәтижесі бойынша материалдар сәйкес құзырлы органдарға жолданды. Заңсыз ойын бизнесі жұмыс жасаған дүкен және басқа да нысандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Ізбасар Бектұров.
Өзгелердің жаңалығы