Бас жаңалықтар
Алматыда қызды ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
14 Қаңтар 2020, 10:33 312

Алматыда қызды ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің оны ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғандары туралы айтып шағымданды. Бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі – оның бұрынғы жеңгесі болып шыққан. Бұл туралы "КТК" телеарнасының сайтында хабарланды. 

Мәліметке сүйенсек, жәбірленушіні алдымен бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. 

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берген. Зорлық құрбанының денесінің сау тамтығы қалмаған - басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалған.  
Тамақ ішетін ожаумен, сосын ток ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан аяқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды. Камила мен Аида ұрды, - деп шағымданған жәбірленуші. 
Екі күн құлдықта болған бойжеткен ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгерген. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, қайтып кеткен. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген. 
Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, "әпше, маған көмектесші, алып қашшы деп жылады", - деп айтып берді жәбірленушінің әпкесі. 
Кейін полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды қалалық Ішкі істер басқармасына алып кеткен. Ал зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...