Алматыда Яссауи көшесі уақытша жабылады

13 Қараша 2021, 17:33
976
Бөлісу:
Алматыда Яссауи көшесі уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Яссауи көшесі жексенбі күні жабылады.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Қалалық Мобильділік басқармасының мәліметінше, Яссауи көшесінің Абай даңғылын кесіп өтетін жолда көлік қозғалысы 14 қараша күні сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін толықтай шектеледі.

Бұл уақытта №126, 52, 50 қоғамдық көліктері Момышұлы көшесімен қатынайтын болады.

№104а автобус солтүстік бағытта мына кестеге сай қатынайды: Яссауи – Шаляпин - Момышұлы – Жеті жарғы - Сәдуақасов – Ақбақай - Яссауи және одан әрі бұрынғы схема бойынша жүреді. Ал оңтүстікте бағыт бойынша: Яссауи – Жеті жарғы - Момышұлы – Шаляпин - Яссауи және одан әрі қазіргі схема бойынша қатынайды.

Өзгелердің жаңалығы