Алматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек

7 Мамыр 2019, 12:34
2461
Бөлісу:
Алматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне берілетін бір реттік көмектің көлемін екі есеге көтердік, оларға енді 500 теңге қаржылай көмек беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 28-панфиловшылар паркінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шарада айтты. 

Жиын барысында әкім еліміздегі Қарулы күштедің әлеуетін, олрдың Отан алдындағы борыштаы мен жауапкершліктерін айта келе соғыс ардагерлері әрдайым үлгі болып қала беретінін жеткізді. 

Алматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек

“Біз қашанда соғыс ардагерлерін ардақтап, олардың ерлігі мен қаһармандық істерін мақтан тұтамыз. Соғыс ардагерлерін қолдау назардан тыс қалған емес. Ардагерлер қатары күн сайын азайып барады. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қаламыздағы 268 соғыс ардагері мен мүгедектеріне берілетін бір реттік көмектің көлемін екі есеге көтеру жөніде шешім қабылдадық. Биыл соғыс ардарлеріне 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі”, - деді олАлматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек.

Сонымен қатар ол, Қазақстан 1990 жылдардың басында азат ел,  Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа тарихи дәуірге қадам басқанда ең алдымен өзінің ұлттық әскерін жасақтауды қолға алғаны айтып өтті. 

“Осы орайда Елбасының 1992 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлығы еліміздің дербес әскерін ұйымдастыру ісіне негіз қалады. Содан бергі аралықта ел әскерін заман талабына сай қалыптастырып, нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде Қазақстан Қарулы күштері әлеуеті мол, айбыны зор кез-келген жағдайға дайын, қауқарлы әскер. Қазақстан Қарулы күштерінің осынау әскери қуатын жуырда ғана Алматы облысында өткен “Айбалта-2019” стратегиялық-командалық штабтың оқу-жаттығуындағы жауынгерлік ерлік, іс-қимылдар айшықтай түсті. Біз қашанда бейбітшілік пен берекені қалаған, ешқашан өзгеге басқыншылық жасамаған және ешкімді де басындырмаған елміз. Бабалардан қалған осынау ұлы өнеге бізге де айнымас ұстаным болып келеді” - деді әкім. 

Алматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек

Мерекелік шара барысында қала басшысы “Жас сарбаз” патриоттық клубының алғашқы тәрбиеленушілеріне сертификаттар мен куәлік табыстады. “Жас сарбаз” әскери патриоттық қозғалысы 2018 жылы Елбасының бастмасымен құрылған.

Алматыдағы ардагерлерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі – Байбек



Өзгелердің жаңалығы