Алматыдағы науқастардың денсаулығы қалыпты

24 Наурыз 2020, 13:07
1334
Бөлісу:
Алматыдағы науқастардың денсаулығы қалыпты

Алматы, BAQ.KZ.  Қазіргі уақытта Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті. 

Coronavirus2020.kz мәліметінше, бүгін қауіпті вирус анықталған адамның бірі – 1985 жылы туған, 19 наурызда Ыстамбул-Алматы рейсімен ұшып келген пациент. Екіншісі, Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген бұған дейін вирусы анықталған пациентпен байланыста болған адам.
Қазіргі уақытта пациенттердің жай-күйі – қанағаттанарлық.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір 29 пациент бар. Сондай-ақ провизорлық госпитальдарда 672 адам, карантинде – 598, үй карантинінде – 1549 адам бар.

Бүгінгі күні екі баланың жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде, оның ішінде 1 бала оң динамикамен емделуде, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық құбылыстар жоқ.
Өзгелердің жаңалығы