Алматыдағы муниципалды автобус паркі жаңа автобустармен толықты

24 Қаңтар 2020, 04:45
1461
Бөлісу:
Алматыдағы муниципалды автобус паркі жаңа автобустармен толықты

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыэлектротранс муниципалды автобус паркі жаңа Zhongtong автобустарымен толықты, деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметі. 

Көптеген өтініштер бойынша 120 және 120А маршруттарының паркі 100% жаңартылды. Енді жоспарлы 30 бірлік бағыт бойынша жүрсе, тағы алты бірлігі резервте болмақ, – делінген хабарламада.

Бұл автобустар мемлекеттік тіркеуден өтіп, "Оңай" жабдығын орнатқаннан кейін халыққа қызмет көрсетуге кіріседі.
Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға арнайы дайындалған. Автобустар қысылған табиғи газбен (CNG) жұмыс істейді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған, – делінген хабарламада. 

Аталған автобустардың сыйымдылығы – 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушыға арналған арнайы 3 орыны бар.
Өзгелердің жаңалығы