Алматыдағы коронавирустық инфекцияның 20 ошағының мекенжайы жарияланды

27 Наурыз 2020, 01:23
1349
Бөлісу:
Алматыдағы коронавирустық инфекцияның 20 ошағының мекенжайы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің мәліметінше, 26 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 20 ошағы бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазір мамандар кіреберісте күшейтілген дезинфекциялық режим енгізуде. Басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылған.

Мамандар барлық мекенжайлардан карантин режимі аяқталған соң шектеу алынып тасталатынын түсіндіруде.

М. Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы 70а-үй; Мамыр-4 ықшамауданы 313-үйде орналасқан.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сарыой көшесі 234-үй; Ақкент ықшамауданы 7-үй; Ақбұлақ ықшамауданы 9-үйде орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ - Желтоқсан көшесі 125-үй; Жароков көшесі 16-үй; Жароков көшесі 7-үйде орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі 59-үй; Достық көшесі 162-үй; Гоголь көшесі 75; Қонаев көшесі 62-үйде.

Жетісу ауданында 2 ошақ - Еңлікгүл көшесіндегі 34а-үй, Волочаевская көшесіндегі 51-үйде тіркелді.

Түрксіб ауданында 5 ошақ - Алтай-1 ауданы 8-үй; «Жас қанат» ықшамауданы 86-үй; Майлин көшесі 77-үй; Спасская көшесі 63-үй; Жұлдыз-2 ықшамауданындағы 45-үй белгіленді.

Бостандық ауданында 1 ошақ – Тұрғыт Өзал көшесіндегі 242-үй.

 

Айта кету керек, Зенков көшесіндегі 59-үйдің тұрғыны инфекциядан жазылып шыққан. Бұл мекенжайдан 27 наурыз сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. Әйел 14 күн ішінде үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Қала билігі азаматтарды карантиндік режимді сақтауға, карантиндік аймақта жүруді шектеуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға, туыстармен, достармен және әріптестермен байланысты шектеуге шақырады.



Өзгелердің жаңалығы