Алматыдағы дезинфекция жұмысына мыңнан астам жұмысшы тартылған

27 Наурыз 2020, 18:05
1427
Бөлісу:
Алматыдағы дезинфекция жұмысына мыңнан астам жұмысшы тартылған

Алматы, BAQ.KZ.  Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, қала көшелері, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, жалпы пайдаланылуға арналған орындардың барлығына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Қаланы дезинфекциялау үшін 91 су шашатын машина, 36 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды сыпыратын машиналар және 886 жұмысшы тартылып отыр. Қала көшелері бойындағы қоқыс салатын урналар, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамалары, жер асты және жер үсті жолдарын дезенфекциялау жұмысына 121 адам жұмылдырылды, - делінген хабарлама. 
Сонымен қатар, контейнерлер мен контейнерлердің аумағын дезинфекциялау жұмыстары да жүйелі жалғасып, оның жұмысына 85 адам жұмылдырылған. 

Осы жылдың 26 наурызында 307 контейнер алаңы мен 1466 контейнерге дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ қала полигонына 1310 тонна қоқыс жөнелтілді.
Өзгелердің жаңалығы