Алматыдағы 4 провизорлық госпитальде 631 адам карантинде жатыр

22 Наурыз 2020, 16:28
1048
Бөлісу:
Алматыдағы 4 провизорлық госпитальде 631 адам карантинде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Бүгін Алматыда COVID-2019 жұқтырған 23-ші жағдай анықталды. Бұл 15 наурызда Стамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, вирусы бұған дейін расталған адаммен байланыста болған әйел.

Осыған байланысты, ол Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған. Бұдан басқа, оның ЖРВИ-ға ұқсас катаральды симптомдары бар болды.

Қазіргі уақытта пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта коронавирус диагнозымен расталған Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 20 пациент және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және бір баланың анасы бар. Қазіргі күні екі баланың жай-күйі – оң динамикамен жақсарумен, орташа ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Бүгінгі күні 4 провизорлық госпитальде 631 адам карантинде, 1243 адам үй карантинінде жатыр. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық құбылыстар жоқ, - делінген хабарламада. 
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мына нұсқауларды мүлтіксіз орындау қажет:

- қолды жиі жуып, антисептиктерді қолданған жөн. Қолды сабынмен әрбір жарты сағат бойына 20 секунд бойы жуу керек. Егер жақын маңда қол жуатын орын, сабын болмаса, онда микробтарды кәдімгі антисептикпен жоюға болады;
- бөлмені жиі желдету қажет;
- қоғамдық орындардан аулақ болған жөн;
-  қол алысуға және басқа да жақын байланыс жасауға болмайды;
- иммунитетті күшейту  қажет;
-  сұйық тию және тұмау ауруларының белгілері (симптомдары)байқалса, өзін жайсыз сезінсе, құрғақ жөтел болса, онда бірден емханадан дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақыру қажет әрі маска киген жөн.

Анықтама үшін 1406 нөмірі бойынша Call- орталық тәулік бойына жұмыс істейді.

Ресми ақпаратты әлеуметтік желідегі Алматы қаласы әкімдігінің сайты мен ресми парақшалардан алуға болады. Қосымша ақпарат Telegram-каналдағы Stopcov Almaty және "Darmen" қосымшасында жедел жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы