Бас жаңалықтар
Алматыда вирусты сырттан әкелу жағдайы жалғасуда
19 Қаңтар 2021, 12:44 229

Алматыда вирусты сырттан әкелу жағдайы жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 20 523 жағдайы тіркелген, оның 12 843-і симптомды және 7680-і симптомсыз. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Осы жылдың 18 қаңтарында КВИ – дің 79 жағдайы тіркелді, оның ішінде 59 жағдай симптомды, 20 жағдай симптомсыз. Алматыда коронавирустық инфекциядан айыққандар саны - 18 484. Жалпы, инфекцияның күнделікті өсуі 0,3% құрайды. Вирустың репродуктивтік көрсеткіші Алматы қаласы бойынша 0,991 (республика бойынша - 1,1) құрайды.

Қаңтар айының соңғы 2 аптасында жұқтыру орындары (3-16 қаңтар аралығында): қоғамдық орындарға бару – 40.1%; отбасында КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыс – 27.4%; қалалық көлік – 22.8%; жұмыста КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыс - 5.6%; шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу - 2.6%. Жұқтыру жағдайларының жас құрамы: 20-39 жас – 34.7%; 40-59 жас - 28.7%; 60 жас және одан жоғары – 21.3%.

Қаланың инфекциялық стационарларында (1866 төсек) 763 пациент бар, оның ішінде 16-сы аса ауыр жағдайда, 141 науқастың жағдайы ауыр, 604 адамның жағдайы орташа ауыр, 2 - жеңіл. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, екінші толқынға дайындық аясында қала бойынша төсек қуаты 7011 төсектік 23 ковидті стационар (оның ішінде 250 реанимациялық) дайындалды. Емханаларды медициналық жабдықтармен жаңарту және жете жарақтандыру жүргізілді. Екі жаңа емхананың құрылысы аяқталды: 500 төсек-орынға арналған инфекциялық госпиталь; 300 төсек-орынға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек саны екі есеге артты,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілген. 73 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Жеке қорғаныш құралдарының  қоры құрылды. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінен басқа 2450 маманнан тұратын кадрлық резерв дайындалды.

Тәулігіне 14600 зерттеу жүргізетін 23 ПТР зертхана жұмыс істейді, болашақта 22 700 зерттеуге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Пандемия басталғаннан бері Алматы аумағында орналасқан зертханаларда барлығы 826 мың ПТР зерттеу жүргізілген. Сондай-ақ, тәулігіне 3 056 зерттеу өткізу қуаты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.

Вирусты сырттан әкелу жағдайларын тіркеу фактілері жалғасуда. 2020 жылғы 6 қазаннан бастап осы жылдың 18 қаңтарына дейін Алматы халықаралық әуежайына бортында 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келді. Оның ішінде, COVID-19 – ға теріс нәтижесі бар анықтамалармен – 97430, анықтамасыз – 12294, оның ішінде ПТР талдауды тапсырғаннан кейін арнайы карантиндік стационарда 79 оң нәтиже алынды (Түркия - 30 жағдай., БАӘ - 18 жағдай., Египет – 23 жағдай, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив - 2). Қаланың халықаралық әуежайында санэпидбақылауды күшейту шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды. Қала әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар жалғасуда,-делінген хабарламада. 

Алматы әкімдігі Алматы тұрғындары мен қонақтарын эпидемияға қарсы шараларды: әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды күшейтуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жабық мекемелерге барудан және ұзақ уақыт болудан бас тартуға шақырады. COVID-19 науқастарымен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақырып, зейнеткерлерге мүмкіндігінше шұғыл қажеттілік туындамаса үйден шықпау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ең көп тіркелуі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Анықтама: әлемде эпидемиялық жағдай ушыға түсуде. Бірқатар ел инфекцияны жұқтыру жағдайларының өсуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізуде. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі әлеуметтік алыстау деңгейін тағы екі аптаға ұзартты. 15 ақпанға дейін азаматтарға COVID-19 таралуының жалғасуына байланысты шетелге сапарларды болдырмау немесе кейінге қалдыруды ұсынады. Жексенбіде Австрия үкіметі Ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартатынын жариялады. Ұлыбритания 18 қаңтардан 15 ақпанға дейін коронавирустың жаңа штамдарының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық туристік дәлізді жабуда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...