Алматыда "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" фестивалі өтеді

20 Мамыр 2019, 20:33
4005
Бөлісу:
Алматыда "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" фестивалі өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 7-8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады. 

Фестиваль барысында этно ауыл, ат ойындары аймағы, садақшылар сайысы, алыптар аймағы, шеберлер аймағы, ұсталар, жастар аймағы, балалар аймағы, құсбегілер мен саятшылар аймағы және көшпенділер тағамдары аймағы жұмыс істейді. Мәдениет басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын осы шараны тамашалауға шақырады. Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» сақ қорғандарында өтетін фестивальға кіру тегін.
Өзгелердің жаңалығы