Бас жаңалықтар
Алматыда ТЖО өртенді
08 Тамыз 2020, 19:45 401

Алматыда ТЖО өртенді

АЛМАТЫ, BAQ.KZ. Алматының Түркісіб ауданында орналасқан 3 қабатты ТЖО өртке оранды. 8 тамыз күні 16 сағат 48 минутта ТЖД-нің 101 пультіне Алматы қаласы Түрксіб ауданы Жансүгіров көшесі, 311 мекен жайда өрт шыққаны туралы куәгерлерден көптеген қоңырау келіп түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде көп салалы ғимарат ашық жалынмен жанып жатты және конструкциялардың бұзылу қаупі туындағаны анықталды. Шығыс және солтүстік бағыттан екі өрт сөндіру учаске құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге қуаттылығы жоғары төмен ілінген сымдар мен ғимараттағы тез жанатын материалдар (мансард - ағаштан салынған) қиындық тудырды. Авариялық құтқару қызметі нысанды электр желілерден ажыратты, - дейді қалалық ТЖД. 
Сонымен қатар, Жетісу аудандық полиция қызметкерлері Жансүгіров көшесін қоршауға алған.  
Адамдардың бар-жоғына көз жеткізіп, бір мезетте өрт оқпандарын жіберу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы жұмылдырылды. Өрттің аумағына байланысты 6 қол оқпаны мен автобаспалдақ арқылы шатырдағы өртті сөндіруге 2 лафетті оқпан жіберілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 17 сағат 39 минутта сөндіріліп, 18 сағат 40 минутта толықтай жойылды, - делінген хабарламада. 
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 34 адам және 11 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен аумағы анықталуда.



Фото: дереккөз
Загрузка...