Бас жаңалықтар
Алматыда тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасуда
PHOTO
28 Қараша 2020, 20:12 126

Алматыда тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тұрғын үйлерді газдандыру бойынша жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы жалғасуда.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан халықтың осал тобы санатына кіретін тұрғындардың үйлерін газбен қамту жүйесіне тегін қосады. Сонымен бірге Halyk Bank-тен 300 мыңға дейін пайызсыз несие алу мүмкіндігі беріледі. 


Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі, «Халық Банк» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында үшжақты меморандум жасалды. 


Бұл жұмыс қаланың жеке сектор тұрғындары газбен жабдықтау жүйесіне әлі қосылмаған аудандарында белсенді жүргізіліп жатыр. Мысалы Алатау ауданында алты үй газға қосылған. 33 үй бойынша монтаж жұмыстары аяқталып, қосу үшін құжаттар әзірленуде. 


Газға қосу үшін пайыссыз және кепілсіз несие 18 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша ақпаратты аудандық әкімдіктерден алуға болады.


 


Фото: дереккөз
Загрузка...