Алматыда цех өртенді

17 Қыркүйек 2019, 13:03
1530
Бөлісу:
Алматыда цех өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан жиһаз цехы өртке оранды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт Жетісу ауданындағы Ратушной 84 а мекенжайында болған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орынан келіп, қызыл жалынды сөндіре білген. 

«17 қыркүйек күні сағат 11.57 кезінде 101 қызмет нөміріне Жетісу ауданында өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Бірден өрт сөндірушілер мен техника сол жерге жіберілді. Өрт сөндірушілер Ратушной 84 а мекенжайына жеткенде жиһаз сехы өртеніп жатқан және сол маңда бірнеше өндірістік цех болған. Ол жерде 20 техника мен жеке құрамнан 60 адам жұмыс істеді. Полиция департаменті ол маңды қоршауға алды. Өрттің жайылу аумағы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы