Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысып қалды

6 Қараша 2021, 19:25
1049
Бөлісу:
Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында троллейбус пен автобус соқтығысты деп хабарлайды Zakon.kz.

Троллейбус Абылай хан даңғылының бойымен оңтүстікке қарай жылжып келе жатқан. Ал автобус Төле би көшесімен шығыс бағытында келе жатқан.

Куәгердің айтуынша, автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, салдарынан қатты қақтығыс болды.

Соққыдан автобус жолдың қарсы бағытына айналып, Абылай хан даңғылының жаяу жүргіншілер жүретін тротуарына бір-ақ ұшты.

Жол апаты салдарынан автобустың жүргізушісі мен бес жолаушысы зардап шекті. Барлығы қаладағы түрлі ауруханаларға жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы