Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады

21 Маусым 2021, 19:45
4338
Бөлісу:
Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда техникалық ақау салдарынан троллейбустен түтін шықты. 

Түтіндеп жатқан троллейбустың видеосы instagram парақшаларының бірінде тарады. 

«Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Абай көшесі бойымен Саин көшесіне жетпеген тұста техникалық ақау салдарынан троллейбустан түтін шығу жағдайы болған. 

21 маусым күні сағат 13:35-те Абай көшесінің Саин көшесіне жетпеген тұсында 25-маршрутты троллейбус жұмысында ақау болды. Салдарынан түтін шықты. Троллейбус зақымдалмады және зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы