Алматыда триатлоннан ҚР чемпионаты өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады

11 Маусым 2021, 12:04
1586
Бөлісу:
Алматыда триатлоннан ҚР чемпионаты өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі маусымның 12-13 күндері триатлоннан ел чемпионатының өтуіне байланысты Сайран көлі маңындағы бірнеше көше уақытша жабылатынын мәлімдеді.

12 маусым күні сағат 7.00-ден 16.00 аралығында Төлеби көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығында автокөлік үшін шектеледі. Көліктер тек солтүстік жағымен жүре алады.

Ал, Өтеген батыр көшесінің бойы Төлебиден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралығы түгелдей жабылады.

Триатлоннан ҚР чемпионаты Алматыда жыл сайын өтеді. Оған біздің азаматтар ғана емес, шетелдіктер және Орталық Азия спортшылары да қатысады. Мұндай ауқымды шара кезінде көшені жабу әлемдік тәжірибеде бар. Біз көлік қозғалысын қиындатпау үшін жарыс алаңын кішірейтіп, көшені жабу уақытын азайтуға тырыстық. Бұған тұрғындар түсіністікпен қарайды деген ойдамыз, -делінген ұйымдастырушылар таратқан мәліметте.

13 маусым күні сағат 8.00-ден 12.00 аралығында Төлеби көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығында автокөлік үшін шектеледі. Көліктер тек солтүстік жағымен жүре алады.

Өтеген батыр көшесінің бойы Төлебиден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралықта екі жолақта түгелдей жабылады.

Бүгін сағат 13.30 бен 14.30 аралығында осы аумақта жарысқа қатысушылардың жаттығуы өтеді. Алайда бұл кезде жол жабылмайды.

Өзгелердің жаңалығы