Алматыда төрт жолақты жаңа жол ашылды

2 Қыркүйек 2021, 13:14
6384
Бөлісу:
Алматыда төрт жолақты жаңа жол ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі жаңа ықшам аудандарда, сондай-ақ, негізгі көшелер мен шеттегі жолдардың құрылысы мен жөнделуі туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында мегаполистің жолдары тұрғындардың ұтқырлығын арттыру және қайда тұрғандарына қарамастан жайлы жағдайлар жасау үшін салынып жатқанын атап айтты.

Жолды жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда – жаңа жол салып, бар жолды жөндеп, ұзартудамыз. Жақында Алатау көшесінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі 2 шақырымдық учаскесі ашылды. Төрт жолақты жол Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қаланың ірі магистралімен байланыстырды. Абай даңғылын тесу аяқталған соң қала орталығымен көлік қатынасы едәуір жақсарады, - деп жазды Б. Сағынтаев.

«Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб пен Наурызбай аудандарына қарасты сегіз ықшам аудандағы 415 көшеде 108 шақырым жол салынуда. 153 мыңнан астам тұрғынның мобильділігі мен жайлылығы артады. Сондай-ақ биыл Медеу ауданындағы Думан ықшам ауданының 59 көшесінде, яғни 30,5 км жолдың күрделі жөндеу жұмысы аяқталады. 

Ұзындығы 206 км-ден асатын 212 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Соның 20-сы магистральды, ұзындығы 43 км-ге жетеді. Ол Рысқұлов, Сүйінбай, Сейфуллин, Райымбек даңғылы, сондай-ақ, Сәтбаев, Күдерин, Жансүгіров, Яссауи, Шаляпин, Момышұлы, Жандосов, Құрманғазы көшелері мен т.б. Жөндеу жұмысының жалпы көлемінің шамамен 20%-ын аяқтау қалды.

Жалпы, 237 шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жүргізіледі. 71 шақырым инженерлік желілер салынғаннан кейін қалпына келтіріледі. Ал 70 шақырым жол бірінші рет салынады.

Сонымен қатар Алматыда Vision Zero тұжырымдамасы аясында трапеция тәрізді жасанды кедергілер, мүйістер мен қауіпсіз аймақтар орнатылуда. Осылайша, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар мен жол-көлік оқиғаларындағы олардың жарақаттану деңгейі Мөңке би көшесінде, Момышұлы көшесінде (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін), Шәріпов көшесінде (Гоголь көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) және Күдерин көшесі (Рысқұлов даңғылының қиылысынан Райымбек даңғылына дейін).

Сондай-ақ Құрманғазы көшелерінде (Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін), Яссауи (Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейін), Есенберлин (Орманов көшесінен Тәттібеков көшесіне дейін), Яблочная (ШААЖ-дан Бутаковская көшесіне дейін) және Райымбек даңғылы (Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін) жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғыларды көшелерге орнату жоспарлануда.

Жол қозғалысын басқару процестерін автоматтандыру жалғасуда. Бүгінгі күні ҚБАЖ (қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі) модернизациясының бірінші кезеңі аяқталды, онда 93 бағдаршам объектісі жүйеге қосылған. Басқару орталық басқару орталығының үй-жайынан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезең, 357 бағдаршамды ҚАБЖ-ға қосуды көздейді, 2022 жылға жоспарланған.

Жаяу жүргіншілердің, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 40 бағдаршам объектісінің, 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы және 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін қосымша жарықтандырумен жабдықтау басталды. Соның ішінде мектептер жанында 5 бағдаршам объектісі салынады, реттелетін 24 жаяу жүргіншілер өткелі және 24 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтуі LED-жарықтандырумен жабдықталады.

Өзгелердің жаңалығы