Алматыда террористер ауруханаға жеткізілген науқастарды өткізбей кедергі жасады

6 Қаңтар 2022, 15:52
1002
Бөлісу:
Алматыда террористер ауруханаға жеткізілген науқастарды өткізбей кедергі жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда лаңкестер ауруханаға жеткізілген науқастарды өткізбей кедергі жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Террористер қаланың бейбіт тұрғындарының денсаулығы мен өміріне тағы да қауіп төндіріп тұр. Олар медициналық мекемелердің жұмысына тосқауыл қойып тұр», - делінген Алматы қаласы комендантурасы мәліметінде.

Белгілі болғандай, бүгін таңертең атыс қауымен қаруланған топтар Алматының екі ірі көпбейінді клиникалық ауруханасын (бірінші және жетінші аурухана) қоршап алған.

«Террористер ауруханаларға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген науқастарды, сондай-ақ дәрігерлер мен медициналық персоналды өткізбей жатыр», - деп аталып өткен хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы