Алматыда теннистен халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

12 Қаңтар 2021, 04:38
1179
Бөлісу:
Алматыда теннистен халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының (ЦСКА) теннис корттарында Халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандағы теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің атындағы турнир биыл отызыншы рет өткізіліп отыр.

Бұл спорттық шараға республиканың түкпір-түкпірінен 12 жасқа дейінгі 100-ден астам дарынды теннисшілер қатысуда.

«Вельц Мемориалы» балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты ұйымдастырушы – Қазақстан теннис федерациясы бұл дәстүрді бұдан кейін де жалғастыра бермек.

Турнир 17 қаңтарға дейін жалғасады. Жеңімпаздарға құрмет грамоталарымен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Өзгелердің жаңалығы