Алматыда тауда адасқан шетелдіктер құтқарылды

31 Желтоқсан 2018, 13:10
3611
Бөлісу:
Алматыда тауда адасқан шетелдіктер құтқарылды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ.  Алматыда тауда адасқан алты ағылшын азаматы құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі. 

30 желтоқсан күні Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Бутаковка шатқалында алты шетел азаматын іздестіру жұмыстары жүргізілген . Оның ішінде үшеуі - бала. 
Операция құрамында 7 құтқарушы, 1 кинологиялық топ, 1 бірлік техникасы мен құтқару қызметінің 4 құтқарушысы және 1 бірлік техникасы бар ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен жүргізілді. Ұлыбритания азаматтары сағат 18.55-те таудан түсіп бара жатқанда адасып кеткен. Сағат 20.34-те олар табылып,  автокөлікке дейін жеткізілді. 
Олардың жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке зәру болған жоқ.
 

Өзгелердің жаңалығы