Алматыда суицид жасамақшы болған адам құтқарылды
VIDEO
29 Қазан 2021, 09:50 84654

Алматыда суицид жасамақшы болған адам құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды Эйфель мұнарасының төбесінен түсірді. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

«102» пультіне дабыл түнгі уақытта келіп түсті. Қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секіргелі тұрғанын хабарлаған.

Біздің түсірілім тобымыз оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті. Осы кезде «Француз үйінің» күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан, ал «Буран-160» экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық. Оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам мас болды және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына әкелді, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар Басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаев.

Ер адамның жеке тұлғасы анықталды. Бұл - 1977 жылы туған, нақты тұрғылықты жері жоқ М.есімді азамат. 


Фото: дереккөз
Загрузка...