Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

3 Тамыз 2020, 14:19
1366
Бөлісу:
Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

Алматы, BAQ.KZ.  Үш жыл бұрын ТЖД-ді нөсер жаңбыр жауған кезде су астында қалу қаупі бар 67 учаскені тіркеген еді.

Бұл мәселені кешенді шешу үшін су астында қалу қаупі бар учаскелердің санын азайтатын пәрменді шаралар қабылданған. Мәселен, 497 шақырым арық желілері салынып, 410 шақырым өзен арнасы жөнделген.
Нақты жүргізілген жұмыстардың арқасында 57 учаскенің су басып қалу қаупі жойылды, нөсер жаңбыр кезінде оларға еш зиян келген жоқ. Нәтижесінде қалада су астында қалу қаупі бар жерлер 4 есе азайды, яғни су басып қалуы мүмкін учаскелер 67-ден 17-ге дейін азайды, - делінген хабарламада.
жк.jpeg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су басып қалу алгоритмі қайта жасалды, қатты жаңбыр болжамы бойынша қолда бар күштер мен мүмкіндіктер қауіпті учаскелерге жұмылдырылды. Қолданылған жедел шаралар мұндай қауіпті аймақтардың санын 7 есеге дейін төмендетті. 

Су басып қалуы мүмкін 17 учаске бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жауын кәріздері, арық желілері салынып, басқа да шаралар іске асуда.



Өзгелердің жаңалығы