Алматыда парацетамол сатып алуға шектеу қойылады

27 Маусым 2020, 17:48
6935
Бөлісу:
Алматыда парацетамол сатып алуға шектеу қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда парацетамолды сатып алу санына шектеу қойылуы мүмкін. 

Бұл туралы бүгін брифингте Алматы қаласының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты.

Өткен және осы аптада дәрі-дәрмекке сұраныстың жоғары болуын байқап отырмыз. Қалада жеткілікті мөлшерде болуы үшін фарм компаниялармен және өндірушілермен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз. Адамдар өзін-өзі емдеумен айналысып жатыр. Дәрінің кейбір түріне тұрғындар тарапынан сұраныс артып келеді. Мәселен, бір адамға 2 дана парацетамол керек делік, ол келіп бірден 20-сын сатып алады. Сондықтан адамдар дәрі-дәрмекті топырлатып алмас үшін, жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін бір қолға 2-3 қораптан артық сатпау керек деген шектеу қойып отырмыз. Бұл тек қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерге қатысты, - дейді Заңғар Сәлімбаев.

Оның айтуынша, бұл шектеулер медициналық маскаларға деген сұраныс артып кеткенде енгізілген ережеге ұқсас болады екен.

Өздеріңіз білетіндей, ол кезде маскалар жеткілікті болған. Алайда, адамдар дүрбелеңге еріп, артығымен сатып алды. Сол себепті бір қолға 5 маскадан артық сатуға шектеу қойдық. Енді бұл әдісті кейбір дәрі түріне қолдануға тура келеді, - деді әкімшілік қызметкері.
Өзгелердің жаңалығы