Алматыда өткен тәулікте 6,5 мың адам вакцина салдырды

23 Сәуір 2021, 10:05
894
Бөлісу:
Алматыда өткен тәулікте 6,5 мың адам вакцина салдырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша 22 сәуірде 6 530 адам вакцинация алды. Ал, ақпан айынан бері вакцина салдырғандар саны 161 953 адамды құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда қалада 205 вакцинация пункті жұмыс істейді, ондағы 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ қалада вирус жұқтыру жағдайының бәсеңдемей тұрғанын мәлімдеді. 22 сәуір күні Алматыда коронавирус жұқтырудың 698 жаңа жағдайы тіркелген, оның 613 симптомдық белгілері бар және 85 симптомсыз.

Барлық инфекциялық стационарда 3 792 науқас бар, оның ішінде 105-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 235 адам жатыр, ондағы бос төсек-орын саны – 215 - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 5 954 науқас амбулаториялық бақылауда екен, оның ішінде 5 278 науқаста сырқат жеңіл және орташа дәрежеде, ал 676 науқаста ауру белгілері білінбеген.

Өзгелердің жаңалығы