Бас жаңалықтар
Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті
07 Мамыр 2019, 13:15 714

Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы 28-панфиловшылар паркінде өткен мерекелік шара кезінде әскерге шақыртылған 50 алматылықты саланатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

Аталған шараға Алматы қаласындағы барлық әскери құрылымдар қатысты. Оның қатарында “Жас Ұлан”, “Арыстан” әскери мектептері мен Алматы қаласы Қорғаныс істері департаментіне қарасты әскери құрылымдар бар. 

“Бүгін Алматы қалсының 50 шақыртылушысы ел алдындағы борышын өтеу үшін Аягөз қаласындағы әскери бөлімге аттанып бара жатыр. Жас сарбаздарға сәттілік тілей отырып, олаға нағыз әскери рухпен оралсын дегім келеді”, - дейді Алматы қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департамент басшысының орынбасары майор Рамил Рахымжанов. 


Жиын барысында “Арыстан” арнайыландырылған әскери лицейдің курсанттары әскерге аттанып бара жатқан жерлестеріне сыйлықтар табыстады. 
Әскери борышын өтеуге аттанып бара жатқан Рысбек Өмірәлиев бала кезінен әскерде болуды қалағанын және осы әскери қызметті жақсы көретінін жеткізді.


“Ел алдындағы әскери борышымды өтеп болған соң келісімшартпен қарулы күштер сапында жұмыс істеуді көздеп отырмын. Бүгінгі көңіл-күйім тамаша, әскерге дайынмын. Осы сәтті пайдалнып барша Қазақстан халқын бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтағым келеді. Еліміз алға қарай дамып, көркейе берсін”, -дейді Рысбек Өмірәлиев. 

Сондай-ақ десентты жасақ та жиналған қауымға өздерінің өнерлерін паш етті.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық