Алматыда қосымша 360 "Сергек" камерасы орнатылады

5 Тамыз 2020, 11:12
1639
Бөлісу:
Алматыда қосымша 360 "Сергек" камерасы орнатылады

Алматы, BAQ.KZ. Биыл Алматыда қосымша тағы "Сергек" камералары орнатылады.

Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.
 Қазір қаладағы қоғамдық көліктер жүретін бөлікте ереже бұзғандарды анықтайтын "Жолақ" жүйесі орнатылған. Ол өз пайдасын тигізуде. Дегенмен көлік жүргізушілердің автобус жолақтарында ережені қатаң сақтауы үшін қосымша 360 "Сергек" камерасын орнатамыз, - дейді Алматы ПД басшысы.
Сонымен қатар, ол қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді. Қазір Алматы көшелерінде 404 "Сергек" камерасы бар.
Өзгелердің жаңалығы