Алматыда Орталық Азиядағы туризмді дамыту жолдары қаралуда

14 Наурыз 2019, 10:09
2845
Бөлісу:
Алматыда Орталық Азиядағы туризмді дамыту жолдары қаралуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматыда «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары – Қазақстан және Орталық Азиядағы туризм инфрақұрылымы: туристік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері, Қазақстан және Орталық Азиядағы этникалық және сакральды туризм, Экологиялық туризм: даму жағдайы және келешегі, Іскерлік және сауықтыру туризмі, Жібек жолы: «шекарасыз туризм» идеясын дамыту, Туристік білімді дамыту.

Аталған шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, George Washington University (GWU) USA, International Institute of Tourism Studies, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы ұйымдастырып отыр.

“Басты мақсатымыз – Қазақстанда және Орта Азияда туризмді дамыту. Бізде шекарасыз деген ұғым бар,  бұл туристердің мемлекеттер арасында емін-еркін қатынауы. Яғни бізге келген туристер көрші елдерді де аралап шығатындай етіп жасау. Сондай-ақ еліміздің туристік ресурстарын зерттеу”, - дейді ҚазҰПУ-дің оқытушысы Саяхат Алшынбеков.

Сондай-ақ конференцияға АҚШ, Аустралия, Азербайжан, Ресей, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің зерттеушілері, туризм саласының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда.

Әділет МҰСАХАЕВ

Фото: Автор

Өзгелердің жаңалығы