Алматыда 50 жастағы ұры әйел ұсталды

15 Ақпан 2019, 15:17
3574
Бөлісу:
Алматыда 50 жастағы ұры әйел ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Қалта ұрыларының фото кестесі толыға түсуде. Қоғамдық орындарда елдің қалтасын қағып келген тағы бес адам ұсталды. Олардың жас мөлшері 26-50 аралығында, деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті.

«Тәжірибе көрсеткендей елдің қалтасына тек ер адамдар ғана емес, әйелдер де түседі. Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде №135 бағыттағы автобуста жанында тұрған адамның қалтасынан ақшасы мен құжаттары салынған әмиянді ұрлаған 50 жастағы Р. есімді қала тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды», - дейді Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ, ол дәл осындай жағдай Алмалы ауданындағы №30 автобуста да орын алғанын атап өтті.

«1986 жылғы С. есімді азамат студенттің қалтасынан 324 мың теңге тұратын «Айфон» телефонын ұрлаған, ол да қылмыс үстінде құрықталды. Алдыңғы күні ұрлықпен айналысқан тағы үш адам ұсталған болатын», - деді Есен Ысқақов.

Алматыда 50 жастағы ұры әйел ұсталды

Полициядағылар қала халқын адам көп жиналатын жерде өз заттарына мұқият қарауға шақырады. Сонымен қатар, фотода көрсетілген адамдардың қылмыстық әрекетінен жәбір көргендер болса, Қылмыстық полиция басқармасына 254-40-12; 254-43-93 телефондары бойынша немесе 102 хабарласуын сұрайды.

 



Өзгелердің жаңалығы